Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марк Цукерберг Сан-Францискодағы үйін 31 миллион долларға сатты

Опубликовано:

Марк Цукерберг смеется
Марк Цукерберг. Фото: Kevin Dietsch / Staff / Getty Images

Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг Сан-Францискодағы үйін рекордтық сома – 31 миллион долларға сатты. Миллиардер жылжымайтын мүлікті 2012 жылы сатып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Аумағы 650 шаршы метр болатын үй 1928 жылы салынған. Ол Сан-Францискодадағы Либерти Хилл ауданында орналасқан.

Цукерберг бұл үйді 2012 жылы 10 миллион долларға сатып алған болатын. 2013 жылы ол әйелі Присцилла Чанмен бірге бірнеше миллион долларлық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, онда аяқталмай тұрған шарап жертөлесі, бар және жылыжай салады.

Bloomberg мәліметі бойынша, Media Platforms-тің құрылтайшысы және атқарушы директоры Марк Цукерберг миллиардерлер рейтингінде 17-ші орында тұр. Оның байлығы 61,9 миллиард долларды құрайды.

Insider дерегінше, Цукерберг Силикон алқабында тағы бірнеше жылжымайтын мүлікке ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980281-mark-cukerberg-san-franciskodagy-uiin-31-million-dollarga-satty/

pixel