Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиядағы ең бай әйел дәулетінің жартысынан айырылды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Азиядағы ең бай әйел, қытайлық кәсіпкер Ян Хуэйянь жаһанды қамтыған жылжымайтын мүлік дағдарысы салдарынан байлығының жартысынан айырылды, деп жазады mk.ru басылымы.

Қытайлық әйел елдегі ең ірі жылжымайтын мүлік операторларының бірі Country Garden Holdings акционері.

Басылымның хабарлауынша, Хуэйянь соңғы жеті айда байлығының 52 пайызынан айырылған. Жыл басында кәсіпкердің дәулеті 23,7 миллиард долларды құраған. Алайда дағдарыс салдарынан ол 11,3 миллиард долларға дейін азайған.

2022 жылдың басында қытайлық кәсіпкер өзінің бәсекелестері Фан Хунвэй мен Ву Яцзюньді артта қалдырды. Олардың әрқайсысының байлығы шамамен 13 миллиард долларға бағаланды. Алайда байлығының ортайғанына қарамастан, Хуэйянь әлі де Хунвэйден алда келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980819-aziyadagy-en-bai-aiel-dauletinin-zartysynan-aiyryldy/

pixel