Нью-Йорк штатында маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

вирус
Көрнекі фото: pexels.com

29 шілдеде Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул аймақта маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялау туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы штат әкімшілігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәлімдемеде төтенше жағдайдың енгізілуі мемлекетке аталған індетке дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретіні атап өтілген. Сонымен қатар медицина қызметкерлері енді Нью-Йорк тұрғындарын вакцинациялау үшін қосымша қадамдар жасай алады.

"Нью-Йорк штатындағы маймыл шешегі туралы соңғы мәліметтерді қарап шыққаннан кейін, мен осы проблемамен күресте күш-жігерімізді жұмылдыру үшін табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жариялаймын", - дейді губернатор.

Оның айтуынша, АҚШ-та маймыл шешегін жұқтыру жағдайының төрттен бірі Нью-Йорк штатына тиесілі.

"Бұл індеттің белгілі бір тәуекел топтарына әсер етіп жатқанын мойындау өте маңызды. Сондықтан менің командам вакцинаны көбірек алу, тестілеу мүмкіндігін кеңейту және халықты індет кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы жауапкершілікке үйрету үшін тәулік бойы жұмыс істейді", - дейді Хокул.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980987-nyu-iork-staty-maimyl-seseginin-orsuine-bailanysty-totense-zagdai-zariyalady/

jitsu gif