Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания премьер-министрі қызметін атқарушы Борис Джонсонның үйлену тойы қалай өтті

Опубликовано:

Борис Джонсонның үйлену тойы
Фото: Daily Mail

Борис Джонсон мен Кэрри Джонсонның үйлену тойы сенбі, 30 шілдеде Ұлыбритания Консервативті партиясының демеушісі Лорд Бэмфордтың жекежайында өтті. Шараға 200-ге жуық қонақ келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Үйлену тойы ашық алаңқайда, Бамфордтың жекежайының ауласында орналасқан үлкен шатырдың астында өткен. Шараға 200-ге жуық адам қатысқан.

Басылымның жазуынша, қалыңдық Кэрри Джонсон той көйлегін сатып алудан бас тартып, сәнгер Саванна Миллерден құны 3500 фунт стерлинг (шамамен екі миллион теңге) тұратын киімді 25 фунт стерлингке (14 мың теңге шамасында) жалға алған.

Мерекелік шараға Джонсонның әпкесі мен әкесі, журналист Рэйчел Джонсон, актриса Холли Вэлэнс, саясаткерлер Джейкоб Рис-Могг, Надин Доррис қатысқан. Джонсонның отставкасы қонақтар тізіміне де әсер еткен.

Британиялық газеттердің хабарлауынша, үйлену тойына Джонсонның бұрынғы серігі Майкл Гоув пен елдегі басқа да саясаткерлер шақырылмаған.

Бұған дейін Джонсон өзінің үйлену тойын премьер-министр резиденциясында өткізу үшін үкімет басшысының міндетін атқарушы болып қалғысы келетінін айтқан.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 7 шілде күні Ұлыбритания премьер-министрі лауазымынан және Консервативті партияның төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981120-ulybritaniya-premer-ministri-qyzmetin-atqarusy-boris-dzonsonnyn-uilenu-toiy-qalai-otti/

pixel