Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде ауқымды әскери жаттығулар өткізеді
Опубликовано:

ҚХР билігі АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде ауқымды әскери жаттығу өткізілетінін айтты.
"RT на русском" Telegram каналы Қытай басылымына сілтеме жасап, ҚХР билігі Тайвань айналасындағы алты аймақта әскери жаттығулар өткізетінін жеткізді.
Оқу-жаттығу 4-7 тамыз аралығында өтпек.
Сондай-ақ ҚХР Қорғаныс министрлігі Пелосидің Тайваньға сапары кезінде әскердің жауынгерлік дайындық деңгейінде екенін атап өтті. Бұдан бөлек қарсылық ретінде бірқатар әскери іс-шара қайтадан таныстырылған.
Осы орайда Қытайдың АҚШ-тағы елшісі Нэнси Пелосидің Тайваньға келуі - Тайвань бұғазындағы және Америка мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне әкеледі деп мәлімдеді.
Еске салайық, АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси кеше, 2 тамызда Тайваньға келді. Көп ұзамай оның ресми мәлімдемесі жарияланды, сондай-ақ Қытай Сыртқы істер министрлігі мен Ақ үйде жағдайға қатысты түсініктеме берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981456-qytai-pelosidin-taivanga-saparyna-zauap-retinde-auqymdy-askeri-zattygular-otkizedi/