Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пелосидің Тайваньға ұшқан сапарын әлем бойынша 3 миллионға жуық адам бақылаған

Опубликовано:

Нэнси Пелоси
Нэнси Пелоси. Фото: Eric Lee/Bloomberg via Getty Images

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға ұшқанын әлем бойынша 2,92 миллион желі қолданушысы онлайн бақылаған. Бұл туралы Flightradar24 сервисінің сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Пелоси мінген Boeing C-40C SPAR19 ұшағы Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан 2 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша 15:42-де (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:42) ұшып шыққан. Ұшақ Тайбэй әуежайына қонған кезде оны 708 000 адам онлайн бақылаған.

Ал Малайзия астанасынан Тайвань астанасына жеті сағатқа созылған ұшу барысында әуе кемесінің жолын барлығы 2,92 миллион адам қадағалаған. Аталған екі көрсеткіш те Flightradar24 қызметінің тарихындағы абсолютті рекорд болып отыр.

Айта кетейік, бүгін, 3 тамызда Пелоси Тайбэйде Тайвань басшысы Цай Инвэнмен кездесті. Оқиғаға қатысты баспасөз мәслихатында спикер аралға сапары төңірегіндегі "үлкен даудың" себебін атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981557-pelosidin-taivanga-usqan-saparyn-alem-boiynsa-3-millionga-zuyq-adam-baqylap-otyrgan/

pixel