Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті (видео)

Опубликовано:

Нэнси Пелоси
Видеодан кадр: Twitter/SpeakerPelosi

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды бірқатар әлемдік БАҚ жариялады. Саясаткер аралға кеше, 2 тамызда келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Sky News телеарнасы Пелосидің Тайбэй әуежайында өз делегациясымен бірге тұрған жерінен кадрлар жариялаған болатын.

Ал сол уақытта Пелоси Twitter-де Тайвань ресми тұлғаларымен болған кездесуден бірнеше фотосуретті жариялады.

"Біздің делегация бүгін Тайвань көшбасшысы Цай Инвэнмен кездесу құрметіне ие болды. Біз Америка мен Тайвань арасында экономикалық байланыстарды, қауіпсіздік саласындағы серіктестікті одан әрі нығайту туралы және ортақ демократиялық құндылықтарымызды қорғау мәселесін талқыладық", - деп жазды Пелоси.

Пелосидің сапарына Цайдың өзі де пікір білдірген.

"Спикер Пелосимен кездесіп, оның Тайваньға көрсеткен қолдауын атап өту - үлкен қуаныш. Сіздің сапарыңыз АҚШ Конгресінің екіжақты байланыстарға қолдауын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар әлемге демократиялық елдердің ортақ қиындықтарға бірлесе қарсы тұратынының белгісі", - деп жазды Тайвань басшысы.

Кейінірек Пелосидің ұшаққа көтеріліп жатқан сәтінен түсірілген кадрлар пайда болды.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Пелоси Сеулге ұшып бара жатыр, ал Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл (1-5 тамыз аралығында) еңбек демалысында, олардың кездесуі жоспарланбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981593-nensi-pelosi-taivannan-usyp-ketti-video/

pixel