Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Coca-Cola Ресейде жаңа атаумен сатылады

Опубликовано:

Ресейде Coca-cola жаңа атаумен сатылады
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Ресейде Coca-Cola сусындарының атауы өзгереді. Ребрендингтен кейін олар "Мейірімді Cola" және "Мейірімді Orange" деп аталады, деп хабарлайды Mash Telegram арнасы.

Coca-Cola, Fanta және Schweppes сусындарының атауы өзгереді. Олар сәйкесінше "Мейірімді Cola", "Мейірімді Orange" және "Rich тоник" деп аталады. Ал Sprite сусыны әзірге бұл елде сатылмайды.

Ресейлік желіде Dushes, Cherry, Lemonadе, Mango және Sib Travy сынды жаңа дәмдер пайда болатыны белгілі болды.

"Бағалар өзгермеуі мүмкін. Алғашқы өнімдерді биыл күзде шығару жоспарлануда", – делінген хабарламада.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Coca-Cola брендінің газдалған сусындарын Ресей аумағында өндіруді және сатуды тоқтататынын хабарлаған болатын. Компания осы елдегі қор таусылған соң жаңа өнім жеткізілмейтінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981706-coca-cola-reseide-zana-ataumen-satylady/

pixel