Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада 14-қабаттан құлаған әйел аман қалды

Опубликовано:

Құрылыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мексикадағы Монтеррей қаласында салынып жатқан ғимараттың 14-ші қабатынан құлап кеткен тазалықшы әйел аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі mir24.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, әйел тұрған ғимараттың 14-қабатында уақытша ағаш еден опырылған. Ол 30 метрдей биіктіктен төмен қарай құлдилап, төртінші қабатқа құлаған. Құтқарушылар әйелдің есін жоғалтпағанын айтады.

Мексикалық әйел жедел түрде ауруханалардың біріне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Әзірге оның жағдайы туралы басқа ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда биіктен құлап кеткен баланы дер кезінде қағып алып, оны құтқарып қалған ер адам көпшіліктің алғысына бөленгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981718-meksikada-14-qabattan-qulagan-aiel-tangazaiyp-zagdaida-aman-qaldy/

pixel