Медведев "ВКонтактедегі" жазбаға қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасының бұзылуына байланысты түсініктеме берді. Саясаткер бұны ақпараттық соғыстың көрінісі деп атады.
Медведев РИА Новости тілшісіне сұхбат беріп, даулы оқиға туралы пікірімен бөлісті.
"Мұндай желі парақшасын бұзу жағдайы бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Олардан ешкім сақтандырылмаған. Үкімет төрағасы қызметін атқарып жүрген кезімде осыған ұқсас шабуылға тап болдым", - деді Медведев.
Оның сөзінше, бұл - ақпараттық соғыстың көрінісі.
Қазіргі уақытта құзыретті органдар мен әлеуметтік желі әкімшілігі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Медведев кінәлілер жазасыз қалмайтынын да айтты.
Сонымен қатар Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Ресей еш уақытта бұлай жұмыс істемейтінін атап өтті.
"Бұл біздің ережемізге және моральдық принциптерімізге сәйкес келмейді. Біз достарымызбен тікелей және ашық сөйлесеміз. Жаулар бізді араздастыра алмайды. Біз - тек ресми декларациялармен ғана емес, іс жүзінде де одақтаспыз. Күнделікті еліміз бен халқымыздың қызығушылығына сай мәселелерді шешеміз. Алдағы уақытта да солай бола береді", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981764-medvedev-vkontaktedegi-zazbaga-qatysty-pikir-bildirdi/