Таиландта түнгі клубтағы өрттен 13 адам қаза тапты

Опубликовано:

Тайландтағы түнгі клубтағы өрттен 13 адам қайтыс болды
Көрнекі сурет: Pexels.com

Таиландтың Бангкок маңындағы Чонбури провинциясындағы түнгі клубта шыққан өрттен кем дегенде 13 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды CNN.

Оқиға 5 тамыз күні таңертең болған. Салдарынан 35 адам жарақат алды.

Жергілікті полиция полковнигі Вуттипонг Сомжайдың айтуынша, өрт Mountain B түнгі клубындағы музыкалық қойылымдардың бірінде шыққан. Қаза тапқандардың барлығы Тайланд азаматы, олардың арасында шетелдіктер жоқ. Сондай-ақ құрбан болғандардың ең кішісі небәрі 17 жаста.

Қазір полицейлер өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қайғылы оқиға болған түнгі клубта өнер көрсеткендердің бірі өрттің жергілікті Taew Waew тобының өнер көрсетуі кезінде шыққанын айтты. Белгілі болғандай, топтың екі мүшесі де қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981934-tailandta-tungi-klubtagy-ortten-13-adam-qaza-tapty/