Исландияда Фаградальсфьядль жанартауы оянды

Опубликовано:

Исландияда жанартау оянды
Фото: Ulysmedia.kz

3 тамыз күні Исландияның астанасы Рейкьявиктен 50 шақырым және Кефлавик халықаралық әуежайынан 16 шақырым жерде орналасқан Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады. Соған қарамай халықаралық әуежай қалыпты жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Исландия метеорологиялық басқармасы адамдарды жанартауға жақындамауға, одан аулақ болуға шақырды.

Өйткені, жанартаудың атқылауы оның іштей жарылуынан болатындықтан, бұл стратосферада күшті жарылыстарға немесе күлдің айтарлықтай ауаға таралуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ бұл жағдайда ыстықтың әсерінен улы булар буланып кетуі әбден мүмкін.

Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоттир "Әзірге біз жанартаудың атқылауы елді мекендерге немесе маңызды инфрақұрылым объектілеріне қауіп төндірмейтінін білеміз" деп мәлімдеді.

Барлық ескертуге қарамастан, адамдар естелікке суретке түсу үшін және хот-дог қуыру үшін қып-қызыл болып жайылып жатқан лаваға қарай жақын баруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981948-islandiyada-fagradalsfyadl-zanartauy-oyandy/

jitsu gif