Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды: Қазақстан СІМ-і мәлімдеме жасады

Опубликовано:

СІМ
Фото: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі экстремистердің Лондондағы Әзербайжан елшілігіне жасаған шабуылын сынға алды. СІМ-нің мәлімдемесі ведомствоның ресми сайтында жарияланған.

"4 тамызда орын алған экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз.

Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді.

Біз әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз", - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Белгілі болғандай, 4 тамыз күні Әзербайжанның Ұлыбританиядағы елшілігіне радикалды ағымдағы топ тарапынан шабуыл жасалды. Бұл туралы Әзербайжанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Report агенттігі хабарлады.

Нәтижесінде Лондонда сегіз адам ұсталған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982029-londonda-azerbaizan-elsiligin-sabuyldady-qazaqstannyn-sim-malimdeme-zasady/

pixel