Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NYT: ФТБ Флоридадағы Трамптың үйінде тінту жүргізді

Опубликовано:

Трамп1
Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФТБ) бұрынғы президент Дональд Трамптың үйінде тінту жүргізді. Дереккөздерде келтірілген ақпаратқа сәйкес, арнайы шараға Трамптың Ақ үйден алып кеткен құпия құжаттары себеп болған, деп хабарлайды The New York Times.

Тінту Флорида штаты Палм-Бичтегі Трамптың үйінде жүргізілген. АҚШ-тың 45-президентінің сөзінше, ФТБ өкілдері тіпті оның сейфін де бұзған.

Дереккөздерде арнайы шара Трамп Ақ үйден кеткеннен кейін өзімен бірге алып кеткен құпия құжаттарына бағытталуы мүмкін екені айтылды. Ұлттық мұрағаттың шенеуніктері одан бірнеше рет 15 қорап құжатты беруді сұраған. Алайда экс-президент оларды іздеу қаупінен кейін ғана қайтарған.

Тінту кезінде Трамп Нью-Йоркте болды.

Осы уақытта ФТБ қызметкерлері кейбір құжаттардың жойылуы немесе жасырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982341-nyt-fbr-floridadagy-tramptyn-uiinde-tintu-zurgizdi/

pixel