Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда жауын-шашын салдарынан жеті адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Сеулдегі нөсер жаңбырдан көліктер су астында қалды
Фото: Twitter.com/chizikook_

Оңтүстік Кореяда Сеул мен елдің басқа аймақтарында жауған нөсер салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, тағы алты адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды The Washington Post.

Нөсер жаңбыр салдарынан үйлерді, көліктерді, метро станцияларын су басып қалды.

"Оңтүстік Кореяда дүйсенбі және сейсенбі күндері болған толассыз жауын-шашыннан кейінгі су тасқыны салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, оның ішінде ел астанасы Сеулді де су басып қалды. Тағы алты адам із-түзсіз жоғалған", – деп жазады басылым.

Сеулдің кейбір аудандарында 1904 жылдан бері мұндай көп жауын жаумағаны айтылған.

Корея метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, дүйсенбі, 8 тамызда Сеулдің оңтүстік-батысында шамамен 381,5 мм жауын жауды.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель өз Facebook парақшасында үкімет табиғат апаттарымен күрес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі орталық штабпен жағдайды қадағалап отырғанын айтты.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сеулдің кейбір аудандарында электр қуаты өшіп, төменгі аудандарда тұратын тұрғындарды эвакуациялауға кеңес берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982347-ontustik-koreyada-zauyn-sasyn-saldarynan-zeti-adam-qaza-tapty-foto-video/

pixel