Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WSJ: АҚШ Қазақстанда тұрған ресейлік олигархтың жеке ұшағын қамауға алады

Опубликовано:

Самолет Airbus A319-100
Самолет Airbus A319-100. Фото: The United States Department of Justice

АҚШ-тың Федералды прокуратурасы наурыз айынан бері Қазақстанда тұрған жеке ұшақты қамауға алуға ордер берді. Әуе кемесі Мемлекеттік думаның депутаты және ресейлік олигарх Андрей Скочпен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

АҚШ-тың Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Скочқа қарсы санкциясы алғаш рет 2018 жылы енгізілді. Енді оның Airbus A319-100 ұшағын қамауға алмақшы. Әуе кемесі шамамен осы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан аумағында тұр.

Украинада соғыс басталғаннан кейін шенеунікке қосымша санкция салынды.

Сонымен қатар АҚШ Скочтың 98 метрлік яхтасы мен тікұшағын тартып алғысы келетінін тұспалдады.

АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, Андрей Скочтың ұшағын қамауға алуға рұқсат берілген.

"Америка Құрама Штаттары санкция енгізген ресейлік олигарх Андрей Скочке тиесілі Airbus A319-100 (Airbus) ұшағын қамауға алуға рұқсат алды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982374-wsj-aqs-qazaqstanda-turgan-reseilik-oligarxtyn-zeke-usagyn-qamauga-alady/

pixel