Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пентагон Тайваньның тәуелсіздік жолындағы қозғалысын қолдамайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Пентагон Тайваньның тәуелсіздік қозғалысын қолдамайды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

АҚШ қорғаныс министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Каль Штаттар Тайваньның тәуелсіздік жолындағы қозғалысын қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Біз Тайваньның тәуелсіздік жолындағы қозғалысын қолдамаймыз. Біздің саясатымыз өзгерген жоқ – бұл статус-квоға қолдау көрсету", – деді Каль.

Сонымен қатар ол Қытайдың қазіргі әрекеті мен Тайвань бұғазындағы жаттығулары ҚХР саясатының өзгергенін көрсететінін атап өтті.

"Қытайдың саясаты өзгерді және олар жай ғана жаңа статус-квоға жол ашуға тырысуда. Бұл жерде Тайвань бұғазындағы белсенділік сөз болуда. Осы арқылы Бейжің жаңа ереже құруға тырысады", – деді Каль.

Ресми өкілдің айтуынша, ықтимал қақтығыс барлық тараптарға зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ бүкіл әлемдік экономикаға зиян келтіреді. Өйткені Тайвань жартылай өткізгіштерді өндіру бойынша әлемдегі жетекші ел болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін Қытай Тайвань бұғазында ауқымды әскери жаттығуларын бастады. Бұған жауап ретінде Тайвань Қарулы күштері де өз жаттығуларын өткізуге шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982422-pentagon-taivannyn-tauelsizdik-zolyndagy-qozgalysyn-qoldamaitynyn-malimdedi/

pixel