Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қосу туралы хаттамаға қол қойды

Опубликовано:

Байден Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойды
Фото: twitter.com/WhiteHouse

АҚШ президенті Джо Байден Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қосу туралы хаттамаға қол қойды. Рәсімге АҚШ-тың вице-президенті Камала Харристе қатысқан. Бұл туралы Ақ үй ресми сайтында хабарлады.

Ақ үйдің сайтындағы хабарламада Байден қол қоймас бұрын Швеция премьер-министрі Магдалена Андерсон және Финляндия президенті Саули Ниинистемен сөйлескені айтылған.

"Президент Байден АҚШ-тың Финляндия және Швециямен ортақ қауіпсіздігімізге кез келген қауіп-қатерге қарсы қырағы болу, агрессия немесе агрессия қаупін болдырмау және оған қарсы тұру үшін жұмыс істейтінін қуаттады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар АҚШ президенті Швеция мен Финляндияның күшті демократиялық институттары, мықты армиясы, күшті және ашық экономикасы бар екенін баса айтқан.

"Олар НАТО мүшелігінің барлық критериіне сай келеді. Біз бұған сенімдіміз. Олар бұл процесте америкалықтардың қауіпсіздігін жақсартып, одақтастықты нығайтады", - дейді Джо Байден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982504-dzo-baiden-sveciya-men-finlyandiyany-nato-ga-qosu-turaly-xattamaga-qol-qoidy/

pixel