Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көпір салынады

Опубликовано:

Көпір
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы жолының бір бөлігі саналатын Гарабогаз шығанағы арқылы жаңа автомобиль көпірі салынады, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы Түрікменстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеарна мәлім еткендей, құрылыстың басталуына қатысқан Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов аталған көпір елдер арасындағы тауар айналымын жақсартуға және Еуропаға жолды қысқартуға бағытталғанын атап өткен.

Жоспар бойынша Түркменбашы–Гарабогаз–Қазақстан шекарасы автомобиль жолының бойында демалыс базалары, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталықтары, автобус аялдамалары салынатын болады.

Құрылыс 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982569-turikmenstan-men-qazaqstandy-zalgaityn-kopir-salynady/

pixel