Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск Tesla акцияларын шамамен 7 миллиард долларға сатты

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Америкалық кәсіпкер және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск Tesla компаниясының 7,92 миллион акциясын шамамен жеті миллиард долларға сатты, деп хабарлайды CNBC.

Акцияларды сатудан түскен пайданың нақты сомасы 6,88 млрд долларды құраған. Тиісті транзакциялар 5-9 тамыз аралығында жүзеге асырылған.

Айта кетейік, Илон Маск 28 сәуірден кейін Tesla акцияларын сатуды жоспарламайтынын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алу туралы келісімге келген болатын.

Twitter директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы Брет Тейлордың сөзінше, ұсынылған мәміле айтарлықтай пайда әкелген. Бұл Twitter акционерлері үшін ең жақсы бағыт, деді ол.

Бұған қатысты пікір білдірген Илон Маск Twitter-ді "сандық қала алаңы" деп атады. Оның сөзінше, аталған желіде адамзат болашағының маңызды мәселелері талқыланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982577-ilon-mask-tesla-akciyalaryn-samamen-7-milliard-dollarga-satty/

pixel