Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезия Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтты

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Индонезия қараша айында Балиде өтетін G20 саммиті аясында Украина мен Ресей президенттерінің бетпе-бет кездесуін ұйымдастыруға ниет білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

Индонезияның Ресейдегі елшісі Хосе Таварес Зеленский мен Путинге шақыру жіберіліп қойғанын айтты.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк егер Путин келсе, Зеленскийдің G20 саммитіне баратынын жоққа шығармаған.

"Егер олар Балидегі "жиырмалық" саммитіне қатысса, онда, әрине, [кездесуді ұйымдастыруға] мүмкіндік болады. Ал Индонезия мұндай кездесуді өткізуге барынша әзір. Әрине, егер президенттер келсе, біз мұны қалаймыз", – деді Таварес.

Индонезия тарапы қажет болған жағдайда Путиннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді.

"[Ресей] Президенттің өзі тікелей қатысатын болса, біз оның қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етуге дайынбыз", – деді Таварес.

G20 саммиті 15-16 қараша күндері Балиде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982747-indoneziya-zelenskii-men-putinnin-kezdesuin-uiymdastyruga-daiyn-ekenin-malimdedi/

pixel