Германияда саябақтағы апаттан 34 адам жарақат алды
Опубликовано:

Германияның Гюнцбург қаласындағы "Леголенд" ойын-сауық саябағында америкалық сырғанақтың екі пойызы соқтығысты. Салдарынан 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды FOX 29.
Басылым мәліметінше, бір пойыз кенеттен тоқтап қалып, оған екіншісі келіп соқтығысқан. Оқиға орнында үш тікұшақ пен төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуден.
Оқыс жағдай салдарынан 34 адам түрлі жарақат алды. Олардың екеуі дәрігер. Медицина саласының мамандарының жағдайы өте ауыр.
БАҚ беттерінде оқиға "От айдаһары" аттракционында орын алғаны жазылуда. Қазіргі уақытта мамандар апаттың себептері мен салдарын анықтап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982862-germaniyada-sayabaqtagy-apattan-34-adam-zaraqat-aldy/