Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай мен Йемен жерінде алапат су тасқыны болды

Опубликовано:

Қытай мен Йемен жерін су басты
Скриншот: Qazaqstan.tv

Қытайда дауылдың арты нөсер жауынға ұласып, көшедегі көліктерді су шайып кетсе, Йемен астанасында болған тасқыннан 19 адам қаза тапты. Мұндағы апатқа да төпелеп жауған жаңбыр себепші, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Арнаның хабарлауынша, Қытайдың солтүстігіндегі алапат тасқынға нөсер жаңбыр себепші болған. Соңғы мәліметке қарағанда, Шэньси провинциясында көшелер өзенге айналып, көліктерді су шайып әкеткен. Бес құрылысшы жоғалған.

Мұнда 10 тамызда басталған дауыл кеше нөсер жауынға ұласты. Жергілікті тұрғындар биылдыққа мұндай қатты жаңбырды көрмегенін айтады.

Ал Йемен астанасы Санада тасқыннан 19 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Бұл апатқа да төпелеп жауған жаңбыр себепші. Мұнда топан су мен лай көшкінінен үйлер, жолдар мен көпірлер бұзылған.

Соғыс жүріп жатқан мемлекетте жауындар маусымы шілденің ортасында басталды. Содан бері мерт болғандар мен зардап шеккендер саны 90-ға жақындап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982957-qytai-men-iemen-zerinde-alapat-su-tasqyny-boldy/

pixel