Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"11 келі салмақ тастаған": Михаил Саакашвилидің жағдайы нашарлап кетті

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Vladimir Shtanko/Anadolu Agency/Getty Images

Грузия экс-президентінің жағдайы ауыр. Осыған байланысты саясаткерді шетелдік клиникаға шұғыл ауыстыру қажет. Бұл туралы оның ағасы Георгий Саакашвили мәлімдеді, деп хабарлайды "Риа Новости-ге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Оның күш-қуаты жоқ. Соңғы екі-үш күнде оған тағы үш диагноз қойылғандығы белгілі болды, сондықтан ол Грузияда жазылып кете алмайды. Біз жағдайды зерттеу әрі оны шетелдік клиникаға тасымалдауды мүмкіндігінше тезірек ұйымдастыру үшін шетелдік сарапшылардың келуін күтіп отырмыз. Егер мен қателеспесем, оған 14 диагноз қойылды, соңғы күндері оған тағы үшеуі қосылды", – деп хабарлайды РИА Новости.

Ол экс-президенттің түк тамақ ішпейтінін әрі клиникаға жатқызылғалы бері 11 келі салмақ жоғалтқанын атап өтті.

Саакашвили қазір Тбилиси клиникаларының бірінде ұзақ уақыт аштықтан кейін ем алуда.

Михаил Саакашвили өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін екі қылмыстық іс бойынша алты және үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тбилиси қалалық сотында тағы үш айып бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Олар бойынша саясаткер 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982996-11-keli-salmaq-tastagan-mixail-saakasvilidin-zagdaiy-nasarlap-ketti/

pixel