jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жер шарындағы халық саны 8 миллиардтан асты

Жер шары
Көрнекі фото: Pixabay.com

Countrymeters сайты әлем халқының саны сегіз миллиардтан асқанын жариялады. Халықтың басым бөлігі Қытай мен Үндістанда шоғырланған.

Сайттың мәліметінше, сегіз миллиард адамның төрт миллиардтан астамы, яғни 50 пайыздан астамы – ер адамдар. Төрт миллиардқа жуығы – әйелдер.

Бұл ретте әлем халқының 1,4 млрд адамы Қытайда (18,1 пайыз) шоғырланса, Үндістанда да дәл осындай көрсеткіш (17,7 пайыз).

Халық саны бойынша үшінші орында Құрама Штаттар тұр, ондағы халық саны 336 млн адам немесе әлем халқының 4,2 пайызын құрайды.

Сондай-ақ сайт Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің халық санағы бөлімінің мәліметтеріне сүйеніп, жер бетіндегі алғашқы миллиард адам 1804 жылы тіркелгенін жазады. 1987 жылға қарай бұл көрсеткіш бес миллиардқа жеткен.

Ал 1999 жылы Жер шарындағы халық саны алты миллиардты құраса, 2011 жылы жеті миллиардқа жеткен.

Жер шарындағы халық саны 8 миллиардтан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.