Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт рет вакцина алған Pfizer басшысы коронавируспен ауырып қалды

Опубликовано:

Альберт Бурла
Альберт Бурла. Фото: Steven Ferdman/Getty Images

Америкалық Pfizer фармацевтикалық корпорациясының бас директоры Альберт Бурла өзінің Twitter парақшасында коронавирусқа қарсы төрт рет вакцина алғанымен, COVID-19-бен ауырып қалғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Коронавирусқа тест менде оң нәтиже көрсеткенін хабарлаймын. Мен Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын, өзімді жақсы сезінемін, ауру жеңіл өтуде", - деп жазды ол.

Бурла өзін-өзі оқшаулап, Paxlovid препаратын қабылдауға кіріскенін атап өтті.

"Мен жақын арада сауығып кететініме сенемін, өйткені біз бұл аурумен күресу үшін сонша күш-жігер жұмсадық. Маған және бүкіл әлем халқына вакциналар мен емдеу әдістерін қол жетімді ету үшін жұмыс істеген Pfizer-дегі әріптестерімнің тынымсыз еңбегіне шексіз алғыс айтамын", - дейді Pfizer басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983313-tort-ret-vakcina-algan-pfizer-bassysy-koronaviruspen-auyryp-qaldy/

pixel