Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кабулда намаз кезінде мешітте жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Опубликовано:

жарылыс
Оқиға орнынан фото: twitter.com/eOrganiser

Ауғанстан астанасында орналасқан мешіттердің бірінде намаз кезінде жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Al Jazeera.

Оқиға 17 тамызда кешке Хайр-Хан ауданындағы мешітте болған.

Полиция мен аурухана қызметкерлерінің мәліметінше, кешкі намаз кезінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Ал қауіпсіздік қызметінің мамандары басылымға жарылыс салдарынан 20 адам қайтыс болып, тағы 40 адам зардап шеккенін мәлім еткен.

Талибан үкіметінің өкілі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Забиулла Муджахид қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін растап отыр. Алайда Муджахид олардың нақты санын атаған жоқ.

Қазіргі уақытта жергілікті құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті. Бұдан бөлек барлау топтары оқиға орнында жұміс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983681-kabulde-namaz-kezinde-mesitte-zarylys-boldy-qaza-tapqandar-bar/

pixel