Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

HSBC: Сингапур 2030 жылға қарай миллионерлердің астанасы болады

Жарияланған күні:

Сингапур
Сингапур. Фото: pixabay.com

HSBC мәліметінше, Сингапур 2030 жылға қарай Аустралияны басып озып, миллионерлердің ең жоғары үлесі бар қала-мемлекет болады, деп хабарлайды Bloomberg.

Сингапурдағы миллионерлердің үлесі ересек халықтың 13,4 пайызын құрайды. Айта кетейік, қала-мемлекет қазіргі уақытта әлемдік қаржы орталығы болып табылады.

Рейтингте одан кейін Аустралия (12,5 пайыз), Гонконг (11,1 пайыз) және Тайвань (10,2 пайыз) тұр.

2030 жылға қарай аталған төрт мемлекеттегі миллионерлердің үлесі Америка Құрама штаттарына қарағанда жоғары болады деген болжам бар.

2030 жылға қарай Тайваньнан кейін тізімде Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Жапония, Қытай және Малайзия тұруы мүмкін.

HSBC-тің 2021 жылғы есебіне сәйкес, Аустралия көш басында тұрған, ал Сингапур екінші орында болды.

Айта кетейік, Сингапур - Оңтүстік-шығыс Азия елінде орналасқан қала-мемлекет.

63 аралдан тұратын Сингапур малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983758-hsbc-singapur-2030-zylga-qarai-millionerlerdin-astanasy-bolady/