Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда 23 тамыз Ресейде қаза тапқан қырғызстандықтарды аза тұту күні деп жарияланды

Опубликовано:

Садыр Жапаров11
Садыр Жапаров. Фото: kg.akipress.org

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейде болған жол апатынан қаза тапқан отандастарының қазасына байланысты көңіл айтты. Ол 23 тамызды қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз отандастарымыздың жол апатына ұшырағаны туралы хабарды естіп, қатты қайғырдық. Қаза болғандардың туыстарының қайғысын түсінемін және оны бөлісемін, қазір оларға өте қиын. Мұндай жағдайда көңіл айтуды сөзбен жеткізу қиын. Апат салдарынан қаза болған жандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", - деді Жапаров.

Осы оқиғаға байланысты 23 тамыз Ульянов облысында қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетейік, Ресейдің Ульянов облысында жүк көлігі шағын автобусқа соқтығысты. Оқиға 21 тамыз күні болған. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, оның он төрті - Қырғызстан азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1984264-qyrgyzstanda-23-tamyz-reseide-qaza-tapqan-qyrgyzstandyqtardy-aza-tutu-kuni-dep-zariyalandy/

pixel