Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина прокуратурасы елдің вице-президентін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Опубликовано:

Аргентинаның вице-президенті Кристина Киршнер
Кристина Киршнер Фото: РИА Новости/Евгений Биятов

Аргентина прокуроры Диего Лусиани елдің қазіргі вице-президенті Кристина Киршнерді жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Прокурор Диего Лусиани Кристина Киршнерге қатысты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Вице-президент Санта-Крус провинциясындағы қоғамдық жұмыстарды жүргізу кезінде кәсіпкер Ласаро Баестің пайдасына сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып отыр", – делінген хабарламада.

Бұл ретте мәселе Киршнер Аргентина президенті қызметін атқарған кезде, 2007-2015 жылдар аралығында болғаны да атап өтілді. Сол уақытта Киршнер кәсіпкер Баес арқылы мемлекеттік жұмыстарды жүргізген.

Бас бостандығынан айырумен қатар, прокуратура вице-президенттің мемлекеттік лауазымдарды атқаруына тыйым салуды және оны бір миллиард доллар айыппұл төлеуге міндеттеуді де талап етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1984358-argentina-prokuraturasy-eldin-vice-prezidentin-12-zylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/

pixel