Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай тағы бір АҚШ өкілінің Тайваньға сапарына қатысты пікір білдірді (фото)

Опубликовано:

Америкалық сенатор Марша Блэкберн
Марша Блэкберн. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі америкалық сенатор Марша Блэкберннің Тайваньға сапарын аймақтағы тұрақсыздықтың жарқын мысалы деп атады. Қытай тарапының мәлімдемесі туралы РИА Новости жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"АҚШ Тайвань бұғазындағы тұрақтылықты қаламайтынын көрсетуде", – делінген елшілік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар дипломатиялық өкілдік Вашингтонның әрекетін Қытайдың мәселесіне араласу ретінде қарастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, Теннесси штатының сенаторы, қару-жарақ және сауда комитетінің мүшесі Марша Блэкберн Тайваньға үш күндік сапармен келді. Бұл америкалық делегацияның аралға төртінші сапары.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2 тамыз күні АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми сапармен барған еді.

Пелосидің Тайваньға ұшып барғанын әлем бойынша 2,92 миллион желі қолданушысы онлайн бақылаған еді.

Азаттықтың хабарлауынша, Бейжің бұл сапарды өзінің егемендігіне нұқсан келтіру деп бағалайтынын мәлімдеп, Вашингтонға мұның соңы жақсылыққа апармайтынын ескерткен.

Сондай-ақ Қытай АҚШ өкілінің бұл сапарына жауап ретінде Тайвань бұғазында төрт күнге созылған ауқымды әскери оқу-жаттығу жинын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1984904-qytai-tagy-bir-aqs-okilinin-taivanga-saparyna-qatysty-pikir-bildirdi-foto/

pixel