Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь Қырғызстанға елдің бұрынғы президенті Бакиевті экстрадициялаудан бас тартты

Опубликовано:

Қырғызстанның бұрынғы президенті Қ.Бәкиев
Құрманбек Бәкиев. Фото: ALEXEY GROMOV/AFP via Getty Images

Беларусь Жоғарғы соты Қырғызстанға елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті экстрадициялаудан бас тартты. Беларусь тарапы шешімін оған отанында саяси қудалау қаупі төніп тұрғанымен түсіндірді. Бұл туралы "Кабар" агенттігі Қырғызстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстанның Бас прокуратурасы елдің экс-президенті Құрманбек Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь тарапына төрт рет өтінішпен жүгінген.

Алайда Беларусь Бакиевті экстрадициялаудан бас тартқан, олар бұрынғы президентті "саяси себептермен қудалауда" деп есептейді.

"Беларусь Республикасы Жоғарғы сотының хатына сәйкес, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан. Беларусь тарапының пікірінше, оның сотталуы саяси себептермен қудалауға байланысты", – деп мәлім етті Қырғызстанның Бас прокуратурасы.

Айта кетейік, Құрманбек Бакиев 2005 жылғы "Қызғалдақ революциясынан" кейін Қырғызстан президенті болып сайланған еді. Алайда 2010 жылғы Сәуір революциясында кезінде ол қызметінен алынып, кейін отбасымен бірге елден кетіп, Беларусьтен саяси баспана алды. Бакиевке қарсы шерулер кезінде 90 адам қаза тапқан.

Бүгінді Қырғызстанда Бакиевтің үстінен бірнеше іс қозғалып, ол сырттай 30 жылға сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1984926-belarus-qyrgyzstanga-eldin-buryngy-prezidenti-bakievti-ekstradiciyalaudan-bas-tartty/

pixel