Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украинаны қайта қалпына келтіру үшін шамамен қанша қаражат керегін айтты

Опубликовано:

Владимир Зеленский трибунада
Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский "Франция кәсіпорындарының қозғалысына" үндеуі кезінде елді қалпына келтіруге шамамен қанша қаражат қажет болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Украинаның 5.ua телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленскийдің сөзінше, Украинаны қалпына келтіру үшін 600-800 миллиард доллар қажет.

"600-800 миллиард – бұл Луганода айтылған сома. Бұл сома көпшілікке жария болды, жан-жақты тексерілген сараптамаға сәйкес келген шығынның көлемі осындай деген тұжырымға келдік. Барлығын қайтадан қалпына келтіру үшін шамамен осындай көлемде қаражат қажет", – дейді Зеленский.

Дегенмен, Украина басшысы елдегі соғыс қимылдары әлі жалғасып жатқандықтан, бұл шамамен ғана айтылған сома екенін атап өтті.

"Мен қазір белгілі бір инфрақұрылымды, соның ішінде білім беру, порт, көлік және тұрғын үйлерді қалпына келтіруге назар аударар едім", – деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985418-zelenskii-ukrainany-qaita-qalpyna-keltiru-usin-qansa-qarazat-keregin-aitty/

pixel