Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды

Опубликовано:

АҚШ аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Техас дәрігерлері маймыл шешегі вирусын жұқтырған науқастың көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл АҚШ-та осы ауруды жұқтырғаннан кейін тіркелген алғашқы кісі өлімі болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көз жұмған азамат Харрис округінің тұрғыны болып шықты, оның бірқатар қосалқы аурулары болған.

Жергілікті денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың өліміне нақты маймыл шешегі себеп болғаны не болмағаны белгісіз. Өйткені, патологиялық-анатомиялық сараптаманың нәтижелері кейінірек жарияланады.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу федералды орталығының дерегінше, қазір елде маймыл шешегін жұқтырған 18 мыңнан астам адам тіркелген.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша Калифорния және Нью-Йорк штаттары көш бастап тұр. Онда сәйкесінше 3 291 және 3 197 адам тіркелген.

Соңғы мәліметтер бойынша Техас штатында 1 604 адамнан маймыл шешегі анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985457-aqs-ta-maimyl-sesegin-zuqtyrgan-adam-koz-zumdy/