Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президенті Кеңес режимін "ұлт игілігін жойды" деп айыптады

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев КСРО билігі республиканың тәуелсіздігіне қол жеткізуге тырысқан өзбекстандықтарды репрессиялағанын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының сайтында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл болса да, аталарымыз 100 жылдан астам уақыт бұрын соған ұмтылды. 100 мың қандасымыз қуғын-сүргінге ұшырады, 13 мыңы аяусыз атылды. Неге?

Өйткені, олар біздің ең ұлы батырларымыз, игілігіміз еді. Олар екі-үш тілді білген. Билік біздің Отанымызды олар азат етіп, оны гүлденуге жетелейтінін түсінді", – деді Өзбекстан президенті.

Мирзиеевтің айтуынша, бұл тарих кезеңі толық зерттелмеген, қуғын-сүргін құрбандарын анықтау және олардың жадын қалпына келтіру бойынша зерттеулер жалғасады.

"Тоталитарлық режим жәдидтерді жоюмен ғана шектелген жоқ. Сонау өткен ғасырдың 80 жылдарында мыңдаған қандасымыз түрмеге жабылып, әр түрлі жала жабумен қуғынға ұшырады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстандағы Қарақалпақстан автономиялық республикасында ел конституциясына енгізілген түзетулерге байланысты наразылықтар басталған болатын. Нүкістегі толқулар нәтижесінде 18 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985616-ozbekstan-prezidenti-kenes-rezimin-ult-igiligin-zoidy-dep-aiyptady/

pixel