Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бортында 10 адамы бар ұшақ Тынық мұхитына құлады

Опубликовано:

Ұшақ апаты
Фото: Madison Wade/Twitter

АҚШ-тың Сиэтл қаласына жақын жерде 10 жолаушы мінген гидроұшақ Тынық мұхитына құлады, деп хабарлайды АҚШ жағалау күзеті ресми сайтында.

Гидроұшақ Уидби аралының батысындағы Мутини шығанағында апатқа ұшыраған.

АҚШ жағалау күзетінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Жолаушылардың бірі - бала.

Қазіргі уақытта бір мәйіт табылды, ал қалғандары із-түзсіз жоғалған деп саналады.

Ведомство хабарламасына сәйкес, ұшақ Фрайдей-Харбордан Сиэтл халықаралық әуежайына көтерілгені мәлім болған.

Flightradar24 ұшуды қадағалау қызметі Twitter парақшасында апатқа ұшыраған ұшақ N275TH тіркеу нөмірі бар 55 жылдық Havilland Canada DHC-3 екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986156-bortynda-10-adamy-bar-usaq-tynyq-muxityna-qulady/

pixel