Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі жұмысын аяқтап, елден кетті

Опубликовано:

АҚШ елшісі Джон Салливан
Джон Салливан. Фото: ru.usembassy.gov

Америка құрама штаттарының Ресейдегі елшісі Джон Салливан жұмысын аяқтап, 4 қыркүйек, жексенбі күні Мәскеуден кетті. Бұл туралы америкалық дипломатиялық өкілдіктің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"АҚШ-тың Ресей федерациясындағы елшісі Джон Дж. Салливан АҚШ елшісі ретінде қызметін аяқтап, бүгін Мәскеуден кетті", – делінген хабарламада.

Мұрагер келгенге дейін оның Ресей астанасындағы міндетін АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Элизабет Руд атқаратыны атап өтілген.

Джон Салливан 2019 жылдың желтоқсанында елші болып тағайындалды және бұл лауазымда үш жылға жуық қызмет етті. Осы сапардан кейін ол мемлекеттік қызметтегі қырық жылдық мансабын да аяқтайды.

Бұған дейін АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшіні бекіткен болатын. Лауазымға Дэниел Розенблюм келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986211-aqs-tyn-reseidegi-elsisi-zumysyn-ayaqtap-elden-ketti/

pixel