Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы ірі жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде орын алған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – деп жазылған президенттің жеделхатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986467-toqaev-qxr-toragasyna-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel