Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар саны 86 адамға жетті

Опубликовано:

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны артты
Көрнекі сурет: 24.kz

Қытайдың Сычуань провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар саны 86-ға жетті, тағы 35 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар салдарын жою штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазіргі кезде зілзала ошағы орналасқан Лудин уезінде (Сычуань провинциясы) 50 адам қаза тапты. Яань қаласында 36 адам құрбан болды. Сонымен қатар 270-тен астам тұрғын зардап шекті.

Құтқарушылар Сычуань провинциясының зардап шеккен аудандарынан 20 мыңға жуық адамды эвакуациялады.

Жер сілкінісі Ганцзы-Тибет автономиялық ауданының Лундин префектурасында дүйсенбі, 5 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 12:52-де болды. Зілзала ошағының тереңдігі – 16 шақырым.

Жер сілкінісінің эпицентрі провинцияның әкімшілік орталығы – шашамен 21 млн тұрғыны бар Чэнду қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986895-qytaidagy-quatty-zer-silkinisinen-qaza-bolgandar-sany-86-adamga-zetti/

pixel