Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

Опубликовано:

Президент Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания елшілігіне барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Президент Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды. Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты оның ұлы Король ІІІ Карлге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Естеріңізге салайық, кеше, 8 қыркүйекте, 96 жасында Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қайтыс болды. Оның өлімінен соң Ұлыбритания королі болып патшайымның орнын оның үлкен ұлы Чарльз ханзада басты. Сондай-ақ, II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты Ұлыбританияда аза тұту 10 күнге созылады деп хабарланды.

Көңіл айту кітабындағы жазба
Көңіл айту кітабындағы жазба. Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987059-qasym-zomart-toqaev-qazaqstandagy-ulybritaniya-elsiligine-bardy/