Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гарри ханзада II Елизаветаның қазасына байланысты алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Гарри ханзада мен Мешан Маркл
Фото: Anwar Hussein / Getty Images

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның немересі ханзада Гарри әжесі қайтыс болғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді. Бұл мәлімдеме Archewell қайырымдылық ұйымының сайтында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ханзада әжесін "Жол көрсетуші жұлдызға" теңеді.

Сондай-ақ ол әжесінің қадір қасиеті мен мейірімі өзіне мұра боп қалғанын айтты.

"Оның жұбайы Филипп өмірден өткеннен кейінгі сөзін еске алайықшы. "Өмір тек кездесуден тұрмайды. Дәл алғашқы кездесу секілді қоштасулар да болады" деп еді", - деді патшайымның немересі.

Гарри ханзада балалық шағындағы әжесімен өткізген әр сәт жадында екенін жеткізді.

"Әже, сенімен қоштасу бізге өте қиын. Сенімен өткізген әр сәт үшін алғыс білдіремін. Бала кезден сүйікті жарымды жолықтырып, шөбереңді бауырға басқанға дейінгі әр сәтке ризамын", - деді ол.

Патшайымның немересі бүкіл британдықтар секілді әжесін қатты сағынып жүргенін мәлім етті.

"Сіздің адал қызметіңіз үшін, әрбір кеңесіңіз үшін, әдемі күлкіңіз үшін рахмет!", – деп сөзін аяқтады ол.

Айта кетейік, II Елизавета 8 қыркүйек күні 97 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987441-garri-xanzada-ii-elizavetanyn-qazasyna-bailanysty-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel