Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ватикан: Рим папасы Италия астанасынан Нұр-Сұлтанға ұшып кетті

Опубликовано:

Рим папасы
Фото: Alessandra Benedetti - Corbis/Corbis via Getty Images

Рим Папасы Франциск әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін Қазақстанға ұшып кетті. Бұл туралы Ватиканның ресми сайты хабарлады.

Хабарламада Рим папасы Францисктің Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткені айтылған.

Айта кетейік, оның Қазақстанға сапары - отыз сегізінші халықаралық Апостолдық саяхаты.

"Рим папасы автокөлікпен Рим-Фьюмичино халықаралық әуежайына бағыт алды. Ол жерден сағат 07:15-те (Нұр-Cұлтан уақыты бойынша шамамен 11:15-те) A330/ITA Airways ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетті", – делінген хабарламада.

Әуе көлігі Қазақстан астанасына жергілікті уақыт бойынша сағат 17:45-те қонады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987530-rim-papasy-italiya-astanasynan-nur-sultanga-usyp-ketti/

pixel