Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды
Опубликовано:
Рим Папасы Франциск отырған ұшақ Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.
"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды.
Қадірлі қонақты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рим Папасы Франциск әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін Қазақстанға ұшқанын жазған едік.
Айта кетейік, оның Қазақстанға сапары - отыз сегізінші халықаралық Апостолдық саяхаты болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987561-rim-papasy-francisktin-aue-borty-elorda-auezaiyna-qondy/