Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

II Елизаветаның денесі салынған табыт Букингем сарайына әкелінді

Опубликовано:

II Елизаветаның жерлеу кортежі
Фото: news.sky.com

Қаралы кортеж II Елизаветаның денесі салынған табытты Букингем сарайына жеткізді. Лондондықтар патшайым табытының Эдинбургтен басталып, Букингем сарайына дейін созылған сапарының аяқталуын тамашалау үшін көшелерге кезекке тұрды, деп хабарлайды Sky News сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кейбіреулер марқұм патшайымға құрмет көрсетіп, қаралы көлікке гүл лақтырды.

Жолдың қарсы жағында көлік қозғалысы тоқтап, жүргізушілер көліктерінен түсіп, өтіп бара жатқан кортежге қарап тұрды.

II Елизаветаның жерлеу кортежі
Фото: news.sky.com

Сарай сыртына жиналған халық жерлеу кортежі қақпадан өтіп бара жатқанда қол соқты.

Айта кетейік, патшайымның табыты Букингем сарайында түнеп, сәрсенбіде, 14 қыркүйекте Вестминстер сарайына тапсырылады. Онда марқұмның денесі дүйсенбі күні таңертеңге дейін қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987659-ii-elizavetanyn-denesi-salyngan-tabyt-bukingem-saraiyna-akelindi/

pixel