Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

The Guardian: III Чарльз резиденциясының жүздеген қызметкері жұмыстан шығарылуы мүмкін

Опубликовано:

III Король Карл мен консорт-патшайымы Камилла
III Король Карл мен консорт-патшайымы Камилла. Фото: Yui Mok - WPA Pool/Getty Images

III Король Чарльз бен консорт-патшайымы Камилланың бұрынғы резиденциясының ондаған қызметкерлері жұмыстан босатылғаны туралы хабарланды. Патшайым II Елизавета қайтыс болғаннан кейін ерлі-зайыптылар Букингем сарайына көшуге шешім қабылдады, деп хабарлайды The Guardian.

Жұмыстан босату туралы хабарланғандардың арасында жеке хатшылар, қаржы бөлімі, қоғаммен байланыс тобы және Кларенс үйіндегі үй қызметкерлері де бар. Олардың барлығы өздерінің ендігі тағдырына алаңдаулы, өйткені, олар III Чарльз бен оның әйеліне ондаған жылдар бойы қызмет етіп келеді.

"Барлығы ашулы, оның ішінде жеке хатшылар мен басшылық құрам да бар. Барлық қызметкерлер бейсенбіден бастап [8 қыркүйек] әр кеш сайын түнге қалып жұмыс істегенде, осы жағдайға тап болу үшін жүрді ме. Қызметкерлер мұндайды күтпегендіктен, бұл оларға айтарлықтай соққы болып тиді", – дейді ақпарат көзі.

Кларенс үйінің көпшілігі Букингем сарайының қызметкерлерімен біріктіріледі деп үміттенген.

III Чарльздің жеке бас көмекшісі сэр Клайв Олдертонның айтуынша, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Кейбір маңызды қызметкерлер Букингем сарайында жұмысын жалғастыра алады.

Естеріңізге салайық, патшайым II Елизавета 8 қыркүйек күні қайтыс болды. Патшайымның мұрагері ретінде оның үлкен ұлы III Чарльз орнын басты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987720-the-guardian-iii-carlz-rezidenciyasynyn-zuzdegen-qyzmetkeri-zumystan-sygaryluy-mumkin/

pixel