Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы Арменияға қашан аттанады

Опубликовано:

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары
Фото: odkb-csto.org

Біріккен штаб бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған ҰҚШҰ миссиясының тобы 15 қыркүйек, бейсенбі күні Арменияға ұшпақ. Бұл туралы ұйымның ресми сайты жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҰҚШҰ-да 2022 жылғы 13 қыркүйекте Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында қол жеткізілген Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жекелеген аудандарда қалыптасқан жағдайды бағалау және ұйымға мүше мемлекеттер басшыларына егжей-тегжейлі баяндама дайындау үшін ҰҚШҰ миссиясын Армения республикасына жіберу туралы уағдаластықтарды іске асыруға кірісті", – делінген хабарламада.

ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған миссияның озық тобы 15 қыркүйек күні Арменияға аттанады. Ал ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась келесі аптада Арменияға бармақ ниетте.

Миссия ұйым хатшылығының қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері болып табылатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұратын болады.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ға елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру және Әзірбайжан әскери күштерін Армения аумағынан шығару үшін көмек сұрағанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987846-uzymdyq-qauipsizdik-turaly-sart-uiymynyn-missiyasy-armeniyaga-qasan-zoneltiledi/

pixel