Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ереванда шерушілер Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап етті

Опубликовано:

ҰҚШҰ ұйымына мүше елдердің тулары
ҰҚШҰ ұйымына мүше елдердің тулары. Фото: Odkb-csto.org

Жексенбі, 18 қыркүйек күні Ереванда митинг өтіп, оған қатысушылар Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын талап етті.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, акцияға бірнеше жүз адам қатысқан.

"Біз мұнда бір ғана мәселемен жиналдық. Яғни үкіметтен ҰҚШҰ-дан шығуымызды қолдауды талап етеміз. Осыдан кейін біз өзіміздің нағыз одақтастарымызбен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы келіссөздерді бастаймыз", – деп келтірді басылым әлеуметтанушы Карен Саркисянның сөзін.

"Интерфакс" Тигран Хзмалян басқаратын Арменияның Еуропалық партиясының өкілдері де елдің ҰҚШҰ-дан шығуын қолдағанын нақтылады.

"2020 жылы Қарабақтағы соғыстан кейін көптің көзі ашылды. Ресей мен Түркия 100 жыл бұрын келісімге қол қойды, ол әлі күшінде. Бұл Арменияға қарсы келісім, Қарабақтан айырылғанымыз - соның салдары. Егер біз ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығып, НАТО мен ЕО-ға кіретін болсақ, онда біз жоғалтып алғанымызды, жерлерімізді қайтарып аламыз", – дейді Хзмалян журналистерге.

Еске сала кетейік, қазір Арменияда ҰҚШҰ миссиясы бар. Ол қазірдің өзінде Әзербайжан мен Армения шекарасындағы кейбір учаскелерді аралап шықты.

Бұған дейін миссия АрменияӘзербайжан шекарасындағы шиеленісті шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуі тиіс деп хабарланған болатын.

Айта кетейік, армян-әзербайжан шекарасындағы жағдай 13 қыркүйекке қараған түні шиеленісе түсті. Осыдан кейін Ереван ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988443-erevanda-serusiler-armeniyanyn-uqsu-dan-syguyn-talap-etti/

pixel