Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президенті халыққа үндеу жасау кезінде көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Видеодан кадр: facebook.com/tvpyramid

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров отандастарына жасаған үндеуінде Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс кезінде қаза тапқан азаматтар туралы айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Жапаров туған жері үшін жанын беруге дайын ерлерді тәрбиелеген қырғыз аналарға алғысын білдірді.

"Сіздер шынымен де батырларды дүниеге әкелдіңіздер, өсірдіңіздер, мен сіздерге бас иемін", - деді Жапаров.

Ол халыққа үндеуінде Тәжікстанмен арадағы қақтығыс салдарынан қираған шекарадағы нысандардың қалпына келтірілетінін де мәлімдеді. Жапаровтың айтуынша, бұл үшін мемлекетте қаражат жеткілікті.

Сондай-ақ Жапаров Баткен облысында зардап шеккендерге барғысы келетін қырғыз халқын сабырға шақырды. Ол Қырғызстан әскерінің күшейіп келе жатқанын атап өткен.

"Осыдан екі жыл бұрын біздің әскери қызметшілерімізде қару-жарақ, оқ-дәрілер жетіспейтін, олар ескі киім киген, ал бүгінде бәрі өзгерді, армия барлық жағынан нығайып, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін моральдық және материалдық жағынан күшейе бастады”, - деді Жапаров.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда бүгін, 19 қыркүйек Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай 14 қыркүйекте ушыға түскен болатын. Содан кейін екі ел шекарашылары арасында атыс басталды. Қақтығыс салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988491-qyrgyzstan-prezidenti-xalyqqa-undeu-zasau-kezinde-kozine-zas-aldy-video/

pixel