Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда қарулы адам банкке басып кіріп, адамдарды кепілге алды

Опубликовано:

Қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Грузияның Кутаиси қаласында қарулы адам банк бөлімшелерінің біріне басып кіріп, адамдарды кепілге алды. Ол екі миллион доллар талап еткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Грузия басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, бөлімшеде 10-ға жуық адам бар. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам ғимаратқа баса-көктеп кіргеннен кейін бірнеше рет атылған қарудың дауысы естілген.

Желіде жария болған видеолардың бірінде банкке басып кірген ер адамның үш сағат ішінде өзіне екі миллион доллар әкелуді талап етіп жатқаны естіледі.

Грузияның Ішкі істер министрлігі қарулы адам туралы ақпаратты растап отыр. Ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

"Алғашқы ақпарат бойынша, "Грузия банкінің" бөлімшесіне қарулы адам баса-көктеп кірген. Шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция оқиға болған жерді дереу қоршауға алды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство полицейлер қажетті және шұғыл шараларды қолға алып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988705-gruziyada-qaruly-adam-bankke-basyp-kirip-adamdardy-kepilge-aldy/

pixel