Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы наразылық акциялары өтті

Опубликовано:

Мобилизацияға қарсы наразылық акциясы
Мобилизацияға қарсы наразылық акциясы. Видеодан кадр: Telegram/Baza

21 қыркүйекте Ресейдің көптеген қалаларында Владимир Путин жариялаған ішінара моблизацияға қарсы наразылық шерулері өтті. 38 қалада 1400-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды DW.

Ресей президентінің үндеуінен кейін "Весна" қозғалысы наразылық акциясы туралы хабарландыру жариялады. Хабарландыруда Ресей тұрғындардың Мәскеу уақытымен 19:00-де (Астана уақыты бойынша 22:00) өз қалаларының басты алаңдарына бара алатыны айтылған.

ОВД-инфо мәліметінше, Мәскеу уақытымен 22 қыркүйек, таңғы сағат 04.09-дағы (Астана уақыты бойынша 7:09) жағдай бойынша мобилизацияға қарсы наразылықтар кезінде 38 қалада 1453-тен астам адам ұсталған. Олардың көбі Санкт-Петербургте (620 адам), одан кейін Мәскеуде (534 наразылық білдіруші) және Екатеринбургте (48 адам) ұсталды.

Ресей Ішкі істер министрлігінің сайтында ведомство ішінара мобилизацияға қарсы келісілмеген наразылық акциясын "өткізуді тоқтатты" делінген.

"Бірқатар облыста рұқсат етілмеген акцияларды өткізуге әрекет жасалды, оған қатысушылардың саны өте аз болды. Олардың барлығы тоқтатылды, ал құқық бұзушылық жасаған тұлғалар ұсталып, тергеу және жауапкершілікке тарту үшін аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді", - деді Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Вольф.

Назар аударыңыз! Бейнежазбаны психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға көру ұсынылмайды!

Еске сала кетейік, кеше, 21 қыркүйек күні Ресей федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде ішінара мобилизация туралы жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989014-resei-qalalarynda-mobilizaciyaga-qarsy-narazylyq-akciyalary-otti/